Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады

115

«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы 1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті зымыран-тасығышты ұшырады.

«Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы – 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», — деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин кеше Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында. Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі — «Протон-М», қалған жетеуі — «Союз». Ал жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *