Димаш жүргізушіге шапан сыйлады

154

«Вечерний Ургант» ресейлік бағдарламасында қонақта болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кеш жүргізушісі, белгілі шоу-мен Иван Ургантқа шапан сыйлады.

Бағдарлама Ресейдің «Бірінші арнасының» эфиріне Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін, түнгі сағат 01.25-да шықты. Д.Құдайбергеннен бөлек, кеш қонақтары РФ халық әртісі, композитор Игорь Крутой мен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова болды. Құдайберген мен Сотникова композитордың 65 жылдық мерейтойына арналған үлкен концерттердің қатысушылары.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *