«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОР ТОБЫНЫҢ 9 АЙДАҒЫ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕМІ 102 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ӨСТІ

148

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының салық төлемдері ағымдағы жылдың 9 айында 813 млрд теңгені құрады, — деп хабарлайды Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Жалпы, Қордың компаниялар тобының салықтық төлемдері Қазақстан Республикасының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің шамамен 10%-ын құрады.

Айта кетерлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $68 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *