Нұр-Сұлтанда Музейлер парады акциясы өтіп жатыр

77

Нұр-Сұлтанда «Музейлер парады» акциясы шеңберінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты шара өтеді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына  отансүйгіштік, адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Оған Ақмол ауылы мәдениет үйінің «Әжелер» хор ансамблі, «Малиновка» іздеу тобы (Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары), «АЛЖИР» мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық дастархан жайылып, салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады.

Сондай-ақ қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша қазақ,  орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп,  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *