Елімізде «Біргеміз» атты еріктілер қызметіне қолдау көрсету орталығы құрылатын болады

119

Еліміздің барлық аймақтарында «Біргеміз» атты еріктілер қызметін қолдау орталығы ашылатын болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

— Жеті жалпыұлттық жобалар аясында еліміздің барлық өңірінде «Біргеміз» атты еріктілер қызметіне қолдау көрсету орталығы құрылатын болады. Әңгіме қандай жоба туралы болып отыр? Мысалы, «Білім» жобасы» аясында еріктілер ауыл оқушыларына ҰБТ-ға, ағылшын тіліне немесе компьютерлік сауат ашу бойынша көмектесетін болады. Сол сияқты «Сабақтастық» жобасы, ол бойынша оқушылар балалар үйіне жәрдемдеседі. Денсаулық бойынша «Саулық», қорғашан ортаны қорғау, сақтау бойынша «Таза әлем», рухани-мәдениет пен тарихи құндылықтарды сақтау бойынша «Асыл мұра», қарттар үйіне көмектесуге арналған «Қамқор» және жоғалған жандардың табуға көмектесетін «Үміт» жобасы қолға алынан болады. Жоғарыда аталған барлық жобаларға 300 мың теңге көлемінде шағын грант бөлінетін болады. Және біз жалға кеңсе беру және тағы басқа жағынан қолдау көрсететін боламыз. Жалпы гранттардың саны 420 , — деді Д. Абаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылғанын да атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *