Ағайын, жылдамдықты асырмайық!

232

Сенің де балаң өтеді осы жерден. Мына кішкентай балапандардың макетін көріп барып, тежегішті басатын болсаңыз… онда сіз» праваны» сатып алғансыз!
«Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің» дегендей, Ойбай ГАИ деп жүретін еді боқтап… Ал енді ГАИ қуып жатқан жоқ. Бірақ авария әлі көп. Яғни радарсыз өмірге әлі біздің мәдени деңгейіміз жетпегенін көруге болады… Әсіресе Ресей нөмірін таққан көліктерді халық «шайтан сияқтылар» деп атап кеткен.
Жол қауіпсіздік ережесі бойынша мына балалардан да биікте тұрған жаяу жүргінші белгісін немесе жолдағы зебраны байқаған уақыттан бастап сіз (адам болсын-болмасын) газдан аяқты алу керексіз. Яғни 50-60 метрде аяқты газдан алсаңыз, көліктің инерциясы азаяды. Сосын 35-25 метр қалғанда кенеттен бала жүгіріп шыққан жағдайдың өзінде көлікті тоқтата алу мүмкіндігі артады.
Қазір жолдарда авариядан кейінгі асфальттарда қалған сызбалардың көбейіп кеткенін байқап жүрміз. Ол ЖҚО көп орын алып жатқанын байқатады. Әсіресе соңғы радарды алғаннан кейін көп болып кетті.
Бүкіл жаяу жүргінші жолақтары сырланып, жанып тұратын шамдармен жабдықталды. Оның үстіне оқушы макеттері қойылды. Мектеп инспекторлары қосымша жұмыс атқарып жатыр. Аварияның көптігінен кейде ЖПП қызметкерлері жетпей қалатын кездер болады.

Ағайын, жылдамдықты асырмайық!

Абайша айтқанда: «Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел».
Жол түзелді, жүргізуші сен де түзел!

 

Бақтияр Оспановтың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *