ЫССЫҚ ДЕНДРОПАРК ПИТОМНИГІ КӨШЕТТЕРІ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ

59

Қазіргі кезде ең өзекті деп табылған халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, су тапшылығы, жердің деградацияға ұшырауы, ауа-райының қолайсыздығы сынды мәселелер әлемді алаңдатып отыр.

Жақында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің аграрлық ғылым мен білімді дамыту, ауыл шаруашылығы саласына білікті маман даярлау, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мәселелеріне арналған Көшпелі отырысының қорытынды кеңесі өтті.

Жиын қарсаңында орман шаруашылығының маманы болғандықтан  осы саланың жетістерімен қатар кемшіліктерін де ойға түйген едім. Орман шаруашылығында жақсы өнімге қол жеткізу үшін кемінде 50-100 жылдай уақыт керек. Алайда қазіргі кезде қалаларда, елді-мекендерде, ауылдарда халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған сайын көшелерді, демалатын сая-бақтарды көгалдандыру жұмыстары баяулап келеді. Сол үшін әр түрлі сәнді  ірі көшеттер, декоративті бұталар және көпжылдық, сонымен бірге біржылдық гүлді өсімдіктер орман питомниктерінде өсіріледі.Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедраның үшінші курс PhD докторанты Айнұр Өтебекова, Булхайыр Мәмбетов,профессор, Орман ресурстары және аңшылықтану кафедраның менгерушісі сенаторлардың көшпелі отырысында Ыссық дендропарк питомнигіндегі инновациалық жылы-жайда өсірілген жапырақты, қылқанды, декоративті бұталар көшеттерін және сәнді шөптер түрлерін көрсетті.

Ыссық дендропарк питомнигі көлемі 300 гектарды құрайды. Оның 96 гектарында  көшеттер өсіріледі, ауыспалы севооборот қолданылады. Қазіргі уақытта онда 1100 ағаш және бөта түрлері тұқымы вегетативті  және биотехнология әдістермен өсіріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент және басқа да ел мекендер көшелеріне отырғызылатын ірі көшеттер, декоративті бұталар және сәнді түрлі шөптер үлкен сұранысқа ие.

Ыссық дендропаркте студенттер жыл бойы өндіріс тәжірибеден өтеді. Көктемде тұқымдарды отырғызу, жыл бойы күтім жасау, жазда зиянкестермен күресу, тыңайтқыш, гербицидтер пайдалану,  күзде көшеттерді қазып алу, топырақ өңдеу сияқты жұмыстарға қатысады. Магистранттар, докторанттар өз диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеу тәжірибелерін жүргізіп, өндіріске енгізеді.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары университетіміздегі АгроХАБ-ты аралағанда орман шаруашылық жетістіктерінде көрсеттік. Екінші курс PhD докторант Данияр Досманбетов стендтермен таныстырып , өзінің диссертациялық жұмысы бойынша «Қара сексеулді инновациалық әдісімен өсірі туралы» жобасымен таныстырды.

 

Құрманкүл Абаева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *