Табиғатты ластайтын басты зат аталды

256

Адамдардың пластикалық бөтелкелерді қоқысқа жиі лақтыратыны анықталды.

Қыркүйек айының бір күнінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі 72 мың ерікті су арналарының маңынан, жағажайлардан, қала көшелерінен қоқыс жинаған. Тазалық күнінен кейін жиналған пластик сұрыпталып, 50 тұрпатқа және 8000 брендке бөлінген.  Бұл туралы  «The Intercept»  басылымы хабарлады.

Пластикалық қоқыстың ең көп табылғаны Coca-Cola брендінің өнімдері.  11732 қалдық дүние жүзінің 37 мемлекетінен табылған. Сондай-ақ қоқыстарды Nestle, PepsiCo, Mondelez International мен Unilever көптеп шығарады. Африка мен Еуропадағы қоқыстың негізгі бөлігі Coca-Cola компаниясына тиесілі және фирма Азия мен Оңтүстік Америкадағы пластикалық ластанудың ауқымы бойынша екінші орындағы қайнаркөзі болып табылады. Компания өкілдері зерттеу нәтижелеріне түсінік бере келе, басқа брендтермен бірлесе жердің пластикалық қалдықтармен ластануын азайтудың жолын қарастыратындығын мәлімдеді. Бұдан басқа, компания бөтелке мен құтыларды қайта өңдеуге және қоқысты ұқсатуға бағытталған зерттеулерге  ауқымды қаржы құюда. Бұған дейін дельфин асқазанынан 7 кг пластиктің табылғаны туралы да айтылған болатын.

 

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *