Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейді

15

Алматы қаласы Қоғамдық Даму Басқармасы қолдауымен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатында, Алматы қаласының 8 ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған ғалымдар, тарихшылар, заңгерлер, ардагерлер, ақын-жазушылар, тағы да басқа мамандар тартылды. Жолдау мұғалімдерге, дәрігерлерге, студенттерге, зауыт қызметкерлеріне, жұмысшыларға, басқа да әкімдіктерге түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстарына заңгер Роза Өміртай, ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім, қоғам қайраткері Мұқан Әбдіраманұлы, ақын Рафаэль Ниязбек, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, әлеуметтік ғылымдар магистрі Нұрлан Наурызәлиев, саясаттанушы Расул Жұмалы қатысты. Олар жолдаудың бірқатар маңызды бөліктеріне тоқталып, Президенттің стратегиялық, һәм экономикалық тапсырмаларын мемлекеттік ұйымдар мен білім беру мекемелеріне таныстыру жұмыстарын жүргізді.    Қазан айының 20-жұлдызына дейін жалғасқан түсіндіру жұмыстары еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске бір қадам жақындатқандай.

Самал БАУЫРЖАН

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *