«Астана» мен АЗ арасындағы Еуропа лигасындағы матчіне тікелей трансляция

140

Бүгін, 7 қараша «Астана» Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында матч өткізеді.

Роман Григорчук жаттықтыратын команда өз алаңында голландиялық «АЗ Алкмар» клубымен ойнайды. Кездесу «Астана-Аренада» өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 21:50. Кездесуді QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.

Матчте Мадс-Кристоффер Кристофферсен бастаған даниялық төрешілер қызмет етеді, оның көмекшілері Деннис Расмуссен және Виктор Скютте, қосалқы төреші — Йорген Даугбьерг Буркардт.

Голландияда өткен бірінші кездесуде алаң иелері 6:0 есебімен жеңген.

Қазіргі таңда L тобында жеті ұпаймен англиялық «Манчестер Юнайтед» көш бастап тұр. АЗ командасында бес балл, «Партизанда» — төрт. «Астана» ұпайсыз соңғы орында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *