Алматыда дирижер Айтқали Жайымовтың «Еркін елім» атты шығармашылық кеші өтеді

81

Сіздерге 8 қараша күні сағат 19:00- де «QURMANGAZY ORKESTRI» концерт залында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымовтың «Еркін елім» атты шығармашылық кеші өтетінін хабарлаймыз.

А.Жайымов — «Ереуіл атқа ер салмай», «Шалқыма», «Отпан тау, «Толғау», «Балдәурен», «Мен сәлем жазамын», «Кемеңгер Құрманғазы» және т.б. оркестрге арналған шығармалармен күйлер, ондаған романс, әндер, хорлармен бірге жеке домбыраға арналған 30-дан астам күйлері мен әртүрлі аспаптарға жазылған пьесалардың авторы. Сонымен бірге ол, Халық композиторлары Қорқыт, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Махамбет, Тәттімбет, Абыл, Есір, Байсерке, Қартбай, Қазанғап, Сейтек, Сүгірдің күйлерімен, Қазақстан және шет ел композиторларының көптеген шығармаларын халық аспаптары оркестріне лайықтап түсірді.

Аталған кеште Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысады.

Баршаларыңызды дирижер А.Жайымовтың ұмытылмас кешіне қонақ болуға шақырамыз!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83

Уақыты: 2019 жылдың 8 қараша күні, сағат 19.00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87014054316




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *