«Мұзды өлке 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде жарыққа шығады

58

2013 жылы  «Walt Disney Animation Studios»  студиясының жетекшілігімен жарыққа шығып, кішкентай көрермендердің назарын бірден жаулаған «Мұзды өлке» толықметражды анимациялық фильмі прокатқа шыққансәттен бастап көптеген табыстарға қол жеткізді. Жоба «Үздік анимациялық фильм» және «Үздік әуен» санаттары бойынша «Оскар» жүлдесін иемденді. Режиссерлер Крисс Бак пен Дженнифер Ли аталмыш фильмнің алғашқы сәтті дебютынан кейін,  2019 жылы көрермендерге анимациялық фильмнің екінші бөлімін ұсынып отыр.

Әпкелі-сіңлілі Эльза мен Анна ханшайымдардың бастан кешкен оқиғасын баяндайтын фильм қазақстандық көрермендерді де бейжай қалдырған жоқ. Сол себепті, қазақ тіліне дубляждалған «Мұзды өлке-2» анимациялық фильмі 28 қарашадан еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайды. Қызықты оқиғаның жалғасын ана тілімізде тамашалайық!

Гауһар Түстікбаева.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *