Қазақы ырым-тиымдар

296

От басында отырған қарияның орнына кез келген адам отыра бермейді. Кейбіреуіне қарияның кәрі тиеді. Жарымжан, дімкәс адам болса, ауру асқынады деп ырымдайды;
Үй ішінде түнде сандық ашпайды. Бұлай істесе, отағасы өледі деп жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: «Сандыққа жылан кіріп кетті» деп барып ашады. Аузын жабарда «Жылан сыртқа шықты» деп жабады. Онысы – суық қол ұрылар түн ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі суық, жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарған;
Үйге келген адам табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеспейді;
Жігіт жағы құдаларды есік көруге шақырады. Мұндағы мақсат – қалыңдықтың барлық туған-туыстарын, ағайын-туыстарымен таныстыру, өз ел-жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету;
Сырттан келген адам босағаға ат байламайды. Егер ат байласа, ондай адамды ниеті бұзық, жау екен деп есептейді…

Жарқын Сәленұлының фейсбук парақшасынан

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *