Елорда әкімі қар тазалау жұмыстарының барысын тексерді

138

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірнеше жерді аралап, қарды уақытылы жинау мен шығару жұмыстарын жеке бақылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Коммуналдық қызметтердің, мердігерлік ұйымдардың басшыларымен, аудан әкімдерімен, қарды уақытылы тазалау мен шығару мәселелерін талқылап, бірқатар міндеттер қойды.

«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар: тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан тазартылады. Қала қызметтері үш ауысымды жұмыс режиміне көшті, осылайша жұмысты тәулік бойы жүргіземіз»,-деді А.Көлгінов.

Қазіргі уақытта қаланы қардан тазалау үшін 900-ге жуық арнайы техника мен 1 700-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тек бір тәулік ішінде 22 500 текше метрден астам қар, 500 текше метрден астам су шығарылды. Желтоқсан айында қосымша техника алынады. Кеше елордада желдің екпіні секундына 15 метрге жетіп, тұман, көктайғақ пен боран болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *