Бүйеннің біртүрлі тастары…

417

Бүйен-Қаратал алабындағы өзен. Географиялық аумағы бойынша-Алматы облысының Ақсу және Сарқан аудандары жерінде. 

Бүйен өзені — Аболин мұздығынан бастау алады. Ұзындығы 120 шақырым. Су жиналатын алабы 1200 шаршы шақырым. Жылдық орташа су ағыны Сағабүйен ауылының тұсында 4,05 текше м/с. Суы тұщы (150-200 мг/л). Өзен арнасынан 12 канал тартылған. 1940 жылы Ақсу ауданының егіс алқаптарын суару мақсатында Бүйен суару жүйесі салынған. Оған Алатаудан шыққан Үлкен Бүйен, Орта Бүйен, Кіші Бүйен, Мұзбұлақ, Зәуре, Бүркітті және Салқынбел сияқты бұлақтардан су құйылады. Құрамында 3 бас тоған, 33,1 шақырымға созылған каналдары мен арықтары, 4 гидротехникалық қондырғысы бар. (Дереккөз: aksuakimat.gov.kz)

Күнделікті көрген  жандар мән  бермейді

Бүйен – сұлу дегене қол  сермейді

Өзіңде  бардың дейді  қадірі  жоқ

Бар — жоғын  кейбір  жандар  елемейді

Әрлі  Бүйен, сырлы Бүйен, нәрлі  Бүйен

Қадірлісің, қастерлісің, басты ием

Сылдырлап бір-біріне  жете алмайтын

Тасқа  соғып  секірген  толқын  киең.

Мұхаметсапа Қауысов

Біз Бүйен өзенінің Арасан ауылы тұсындағы ерекше тасты аңғарын суретке түсірдік. Тастарға анықтап қарасаңыз, түрлі қызықты бейнелерді көресіз. Ол үшін асықпай аралап, әр қырынан тамашалаған жөн.Өзеннің жоғары жағындағы үстірттен — Шоқпар тас, Самұрық тас, Тасбақа тас мүсініндегі табиғи тастарды көруге болады. Ол жерге байланысты арнайы топтама ұсынатын боламыз.

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Арасан ауылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *