Кофеин сіз ойлағандай зиянды емес

413

Кофеин пайдалы бактерияларды ұстап, зиянды бактерияларды жояды. Ғалымдар зерттеулер барысында осындай тұжырымға келді.

Тәжірибеге 34 адам қатысқан. Бэйлор медициналық колледжінің мамандары тәжірибеге қатысқан адамдардың тоқ ішегінен 97 биопсия алған. Кейін ғалымдар кофеинді көп мөлшерде ішкен (82,9 миллиграммнан астам) қатысушылар мен кофені аз ішкен және мүлдем ішпеген қатысушылардың ішегіндегі түрлі бактериялардың таралуын салыстырған.

Анықталғанындай, бірінші топтағы қатысушыларда қабынуға қарсы Faecalibacterium и Roseburia пайдалы бактериялардың мөлшері көп, ал зиянды Erysipelatoclostridium бактериялардың мөлшері аз болып шыққан. Ішек микробиотасының осындай құрамы жүрек-қан тамыр ауруларының, сусамырдың, бауыр кеселдерінің алдын алуда маңызды рөл атқарады.  Бұған дейін ғалымдар бір күнде 25 кесе кофе ішу жүрекке зиянды емес деген болатын.

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *