Қанат Ислам 27 нокауты бар әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

147

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгияның (34-0, 27 КО) келесі жекпе-жегіндегі ықтимал қарсыластар тізіміне енді, — деп хабарлайды Vesti.kz  тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

23 жастағы Мунгия рингке келесі жылы 11 қаңтарда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) оралады. Мексикалық боксшы титулын алтыншы рет қорғап қалуға тырысады. Қарсыласы әзірше белгісіз.

30 қарашада WBO рейтингінің бірінші нөмірі Карлос Адамес пен екінші нөмірі Патрик Тейшейра арасындағы кездесуде Мунгияның титулына міндетті үміткер анықталады. Бірақ бұл жекпе-жектің жеңімпазы қаңтарда чемпионға қарсы шыға алмайтыны анық.

Осыған байланысты Boxingnews24.com Мунгияға ықтимал қарсыластар тізімін жасады. Оған Қанат Исламнан бөлек Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші Уго Сентено, Энтони Фаулер, Брэндон Адамс бар.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін қазанда Алматыда өткізген. Қазақстандық боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғап қалған еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *