Ноғаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

70
Атырауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес аймақтық комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігі туралы мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов шағын және орта бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің кемігені туралы айтты. Жыл басынан бері бизнес қауымдастық өкілдерінен 200-ден астам арыз-шағым түскен. Негізінен сынға алынатын сала ТКШ – монополистердің тариф саясаты, жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласындағы мәселелер. Алайда, сонымен бірге, Идресов геоақпараттық жүйелердің енгізілуі шешім қабылдау кезіндегі адами фактор ықпалын азайтқандығын мәлімдеді. Өз кезегінде, аймақ басшысы кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынас орнатып, әкімшілік кедергілерді азайту бағытында нақты ұсыныстар беруі керектігін атап өтті.
Жауапкершілік мемлекеттік қызметкерлерде ғана емес кәсіпкерлерде де болуы тиіс. Өкінішке орай, кей жағдайларда біз мұндайды көрмейміз. Бүгінде бизнестің дамуына бар жағдай жасалып, шешім қабылдау кезінде адами фактор ықпалына жол бермеу бағытында бірқатар істер атқарылуда. Біз бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыра береміз, — деді, Нұрлан Ноғаев.
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы Болат Анжанов ТКШ және құрылыс салаларындағы аудиторлық тексеріс қорытындысы мен тексеріс барысында анықталған кемшіліктерге тоқталды. Анықталғандай, көптеген кемшіліктердің басты себебі жобалық-сметалық құжаттаманы сапасыз жасақтау және жобалаушылар тарапынан жіберілетін қателіктер. Бұл орайда, құрылыс барысын бақылауды күшейту керектігін жеткізді.
Құрылыстың сапалы жүруі ең алдымен жобалау ұйымдарына байланысты. Қорытынды шығаратын мемлекеттік немесе жеке сараптама мекемелері де жауапкершіліктен босатылмауы тиіс. Мұның барлығы кез-келген нысан құрылысының сапалы және уақытылы аяқталуына тікелей әсер етеді. Кей жағдайларда, біз туындаған мәселелер туралы жобаны жүзеге асыру барысында біліп жатамыз. Егер, жұмысына жауапты қарамайтын жобалаушыларға дер кезінде тиісті шара қолданылатын болса, қалыптасқан жағдайды оңтайландыруға мүмкіндік бар. Бүгінде сапасыз салынған нысандарда орын алған кемшіліктерді жоюға қосымша қаржы бөлуге тура келіп отыр. Неге біз екі рет шығындалуымыз керек?  Уақытты – бір, қаржы-қаражатты – екі ысырап етуге, айналып келгенде, тұрғындардың наразылығын туғызуға алып келеді бұл жағдай. Алдағы уақытта мұндай мәселелерге жол бермеу үшін, барлық әріптестеріме аталған жағдайға жіті мән беруді сұраймын, — деп қорытындылады облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *