Атырауда халықаралық сапа күні аталып өтті

165
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Атырау филиалында  14 қараша – дүниежүзілік сапа күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық  департаменті мен «ҚазСтИн» РМК АФ басшылары, сондай-ақ, өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара барысында бірқатар кәсіпорындарға  өңірдегі сапа идеяларын дамытуға қосқан елеулі үлесетері үшін алғыс хат табыс етілді. Ал, «Сапа көшбасшысы-2019» номинациясы бойынша  «Жемчужина «Профилакториясы» ЖШС, «TESLA-TAH» ЖШС, «Denge-Энергия» ЖШС  лайықты деп танылып, арнайы дипломдармен қатар, естелік мүсіншелермен марапатталды.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *