«Білім мекемесіндегі өмір қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында семинар өтті

450

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 15 қарашасы күні М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде «Білім мекемесіндегі өмір қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинарға Түрістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Қайым Азамат Дәулетярұлы, аудандық білім бөлімінің маманы Қадырбаев Жандос Махамбетқалиұлы және білім мекемелерінің басшылары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде «Еңбек қатынастары жағдайындағы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі» тақырыбында АКК төрағасы А.Ниязбеков, «Білім мекемесіндегі өндірістік кеңес жұмысы» тақырыбында М.Шоқай атындағы ЖОМ еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторы Ш.Мусырманов баяндама оқыды.

Практикалық бөлімде өрт кезіндегі іс-әрекет, өрт салдарынан зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, өртке қарсы құрылғылармен жұмыстар іс жүзінде көрсетілді.

Семинар соңында Түрістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараның ұйымдастырылуына белсене атсалысқан әріптестерді марапаттады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *