Қорықшыларға қауіп төндіргендер 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

53

Киік мүйізімен айналысқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Өкінішке қарай, киікті заңсыз аулау әлі де жалғасын табуда. Сондықтан заңсыз киік мүйізімен айналысқаны үшін жеке құрам қарастырылып отырмыз. Жазасы қатал, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Айыппұл болмайды. Себебін түсіндіріп кетейік. Бұл түзетудің мәнісі жоғары рухани тәрбиелік астары бар десем де болады. Кей жерде ақ бөкен дейміз, киік, халқымыздың киелі санайтын жануары. Кең далада баяғы заманнан еркін өскен, оның тіршілігі аясы да біздің дала. Осында қыс қыстап, жаз жайлайды, көктемде құралай өреді. Қазір нақты тосқауыл қоятын кез келді. Әйтпесе, киіктен мүлдем айырылып қалу қауіпі бар», — деді М. Ахметжанов. Оның сөзіне қарағанда, табиғатымызды, аң құстарымызды қорғайтын инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған. Осындай қылмыстар үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру болады. Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Осы орайда ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, жануарлар әлеміне қарсы қылмыстарға жаза күшейтіледі.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *