Биыл Алматы облысында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қолдауға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд.теңге қарастырылды

45

Алматы облысында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Әлеуметтік карта әзірленіп, оны іске асыруға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен брифингіде айтылды, – деп хабарлады Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік карта шеңберінде балабақшалар мен мектептерде аз қамтылған отбасылардың 58 мың баласы немесе 100 процент тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Талдықорған қаласында 42 мың оқушы мен студент және үш қалада сегіз мың көп балалы ана тегін жол жүруді пайдаланады.

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жоғары оқу орындарына түсу үшін 100 грант бөлінді.

2277 отбасы газға тегін қосылды және 22,6 мыңнан астам отбасына улы газ датчиктері орнатылды.

Оған қоса облыста жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жалғасуда. Экономиканың барлық салаларында 45 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды, бұл жоспардан 10%-ға артық (40 800), олардың 29 мыңы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларымен 54 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылған. Соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 процентке дейін төмендеді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *