Ерте қартаюға қарсы дәрі шығарылды

274

Прогерияға қарсы дәрі өмірді біршама ұзартады.

Италия мен Швецияның халықаралық ғалымдар тобы прогерияға қарсы әлеуетті дәрі жасап шығарды. Прогерия тұқым қуалайтын және өлімге әкелетін дерт. Ауру ағзаның мезгілінен бұрын жылдам қартаюына әкеледі.

EurekAlert басылымы таратқан хабарламаға сәйкес, емдік терапияны дені сау адамдардың жастығын ұзарту үшін де қолдануға болады.

Зерттеу барысында мамандар прогерияға шалдыққан балалардан алынған жасушалар үлгілерін пайдаланған. Белгілі болғанындай, ауру хромосома ұшында орналасқан теломерлер қызметінің бұзылуынан туындайды. Өз кезегінде, теломерлер ДНҚ-ны  зақымдалудан қорғайды. Бұдан бөлек, теломерлі РНҚ жиналып, патологиялық үдерістің пайда болуына ықпал етелі. Ғалымдар РНҚ жасушаларына  бекітіліп, олардың белсенділігін тежейтін олигонуклеотидтерді жинақтады. РНҚ-ның теломерді жасушаларын баяулату жасушалардың қалыпты бөлінуіне мүмкіндік жасады.

Тәжірибеге қатыстырылған тышқандарда прогерияның белгілері бәсеңдеп, максималды өмір сүру ұзақтығы 44 пайызға, орташа өмір ұзақтығы 24 пайызға арттырған.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай нәтижелердің болашағы зор болып табылады және келешекте прогерияға шалдыққан науқастардың жағдайын жақсартып, өмір жасын ұзаруға мүмкіндік туады.

Прогерия – сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Ол Lamin A ақуызының кодын жазатын гендегі мутацияның салдарынан пайда болады. Гендегі ақау геномдағы зақымдардың жиналуына әкеліп, жасушалардың бөлінуін бұзады. Нәтижесінде науқастарда жасына жетпей қартаю белгілері байқалып, дертке шалдыққандарда орташа есеппен 13 жаста өлім тіркеледі.

 

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *