Жаһандық дағдарыс жағдайында банк жүйесіне ерекше қауіп төнуде

354

ҚР Ұлттық банкінің  төрағасы  Ерболат Досаевқа «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының депутаттары банк секторындағы ағымдағы жағдай туралы депутаттық сауал жолдады.

-Банк жүйесі өндірістік және сауда саласымен қатар экономиканың маңызды құрамдарының бірі болып табылады. Жаһандық дағдарыс жағдайында банк жүйесіне ерекше қауіп төнуде. Себебі ол арқылы экономиканың түрлі секторлары ықпалдасады. Ал белгілі бір саладан басталған дағдарыс құбылыстары өзге секторларға да әсер етеді.

Ғаламдық тұрақсыздық жағдайында банк жүйесін қолдауға қомақты қаражат бөлінеді. Осылайша мемлекет банк жүйесіне ерекше назар аударады.

2008 жылғы 13 қазанда 2007-2010 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордан 10 млрд. доллар бөлінетіні және оның 4 млдр. доллары (119 теңге/доллар бағамына шаққанда 476 млрд теңге) төрт ірі банкті (Халық банкі, Казкоммерцбанк, Альянс-банк және БТА) қаржыландыруға бағытталғаны турады мәлімделген болатын.

Бұдан әрі қолдаудың мұндай шаралары бірнеше рет жүзеге асылырып, осы күнге дейін де жалғасты. Мысалы 2017 жылы бес ірі банкке – Еуразиялық банк, АТФ, Цеснабанк, Центркредит банкі,  RBK Bankіне 650 млрд. теңге көлеміндегі мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Бұл басқа қолдау тетіктерін санамағанда, салық жеңілдіктері, кәсіпкерлікке пайыз мөлшерлемелерін субсидиялау негізінде ақырғы пайда көруші банктер болып табылады.  14.11.2019 ЕСЭДО ГО (7.23.0 нұсқасы)  Бұл ретте қоғамдық пікірге сәйкес, коммерциялық банктерге бөлінетін  мемлекеттік қаражат оларды байыту үшін емес, экономиканы қаржыландыру мен несиелеу бойынша банк қызметін қайта ретке келтіру үшін бөлінген.

Жаппай тұтынушылық кредиттеудің өсуі өндірістік кредиттеудің түсуімен синхронды. Яғни шетелдік өндірушілерді қолдау, нарықтың импортқа тәуелділігінің күшеюі және ұлттық валютаның әлсіреуін білдіреді.

Соңғы 10-12 жылдағы әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен банктерді жан-жақты қолдауға қарамастан, өткен жылы екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды кредиттеуі жалпы ішкі өнімге шаққанда анти-рекордты 22 %-ға түскен.

Салыстыратын болсақ, тұрақты экономикада бұл көрсеткіш 60%, ал Германия, Канада, Сингапур секілді дамыған мемлекеттерде 200%-ға жетеді.

Бірақ кейбір мәліметтерге сәйкес, Ұлттық банктің ноталарын алатын екінші деңгейлі банктердің көлемі артуда.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, Ұлттық банк тарапынан жүзеге асырылатын бұл алыс-беріс екінші деңгейлі банктердегі бос қаражатты мақсатты түрде алып, инфляция қаупін төмендету үшін жасалады.

Жоғарыда айтылғандай, «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін банк секторын қолдауға әр түрлі қаражат көздерінен, оның ішінде БЖЗҚ-дан қанша қаржы бөлінді?

Осы мерзім аралығында екінші деңгейлі банктердің  шағын және орта кәсіпкерлік пен заңды тұлғаларға пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемегенде берген несиелердің таза сомасы қандай?

Аталған жылдар мерзімінде екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) ҚР Ұлттық банкінің ноталарын қанша сомаға сатып алды?

Банктерге көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы (несиелеу мен Ұлттық банк ноталарын сатып алу) баптарын құраған үлесі қандай?

Қазақстанның жыл сайынғы жалпы ішкі өнімінің өсіміндегі екінші деңгейлі банктерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың әсері қалай бағалануда және банк секторының бюджеттің табыс бөлімінің қалыптасуына қосатын үлесі қандай?

Е. Барлыбаев, А. Перуашев, Е. Никитинская,

К. Абсатиров, Б. Дюсембинов, Д. Еспаева,М. Қазбекова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *