«Ростов» Зайнутдиновтің Қазақстан құрамасы үшін салған голына тамсанды

284

«Ростовтың» ресми сайты өз футболшыларының ұлттық командалар үшін ойынына шолу жасап, қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтің голын атап өтті.

21 жастағы жартылай қорғаушы Еуро-2020 іріктеуіндегі соңғы матче Шотландия қақпасына 34-ші минутта гол салды.

«Сары-көк кигендердің тағы бір ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің алыстан тепкен добы жақсы шықты. Баха шотландиялықтармен ойында есеп ашты, алайда, Қазақстан құрамасы басымдықты ұстап қала алмады», — делінген ескермеде.

 

 

Зайнутдинов үшін бұл циклдегі үшінші доп. Ол іріктеу кезіндегі үздік бомбардир атанды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *