Баспана бағдарламаларына қатысу үшін халықтың тұрмыс деңгейі қандай болуы керек?

179

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықтың табысына сай қандай жобаларға қатыса алатынын айтты.

1. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға (29,7 мың теңге) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады.

2. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұрынғысынша екі ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға (59,4 мың теңге) қолжетімді болады.

3. 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға (92 мың теңге) «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі.

4. Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы ұсынылады.

5. Табысы бес ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын адамдар (148,5 мың теңге) бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады (Ұлттық банктің «Баспана-хит», Қазақстан Ипотекалық компаниясының «Орда», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім»).

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасына 5 міндет кірді: бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру; халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету; тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту; тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту;  сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру. Бағдарламаның мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен қолайлығын арттырып, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

Дереккөз:БАҚ.кз




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *