Мексикалық қақпашы өз алаңынан гол салды

156

Мексикалық «Чивас Гвадалахар» клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды.

Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында «Чивас» «Веракрусқа» қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды.

94-минутта «Чивас» қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен «Веракрус» қақпашысы допқа үлгермеген.

Осылайша ойын 3:1 есебімен «Чивас Гвадалахар» пайдасына шешілді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *