УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІ3?

178

УЕФА Чемпиондар Лигасы 1955 жылы француздық «L’Équipe» журналының спорттық журналисі және редакторы Габриель ұсынысы бойынша құрылған. Континенттік футбол турнирін ұйымдастыру Аноның ойына «Вулверхэмптон» 1954 жылы «Спартак» пен «Гонведті» жеңгеннен кейін әлемнің мықты клубы деген ағылшындардың прессасынан басталды. Ано өзінің газетінде әлемнің ең күшті клубын білу үшін өз алаңында және сырт алаңда ойын өткізетін турнир ұйымдастыру керек деп жауап берді. Ертеңіне Ано турнирдің жобасын жариялады. Ал 1955 жылдың қаңтар айында тұңғыш Еуропа Чемпиондарының Кубогы өткізілді.

Ең алғаш 1955/56 жылғы турнир қатардан шығу турнирі болды, онда әр кезең екі ойыннын өткізілді (үйде және қонақта). 1992 жылға дейін турнирге чемпиондар мен Чемпиондар Кубогының соңғы жеңімпаздары қатысқан болатын. 1991/92 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді, оған топтық кезең қосылды, ал келесі жылы турнир УЕФА Чемпиондар Лигасы өзгерттілді. Одан ары қарай квалификациалық кезең, топтың құрылымында бірнеше өзгерістер болды. 1997/98 жылғы маусымда турнирде (УЕФА-ның коэффициенттерiнiң кестесiмен сәйкес) екiншi орын алған командаларда қатыса бастады. Квалификациялық кезеңнің жүйесі төмен коэффициентті елдердің топтық кезеңге дейінгі бір немесе бірнеше кезеңге қатыса алатын етіп қайта құрылды, ал коэффициенті жоғары елдер соңынан қатысты

Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған клуб кубокты өзінде 10 айға қалдыруға құқылы. Клубтың жеңісіне арнап кубоктың кішірейтілген нұсқасын алады. 5 рет немесе 3 рет қатарынан жеңімпаз атанған команда кубокты мәңгіге өзіне қалдырады.

Ең бірінші Еуропа Чемпиондар Кубогын турнирге франциялық «L’Équipe» газеті ұсынды. «Реал Мадрид» турнирді 5 рет жеңіп алғаннан кейін кубокты өзіне қалдырды.

Келесі кубок бұрынғысынан өзгеше болды. Оны Берн зергері Юрг Штадельманн жасады.Кубоктың құны 10 мың швейцариялық франк тұрады. Кубок күмістен ішіне алтын құйылып жасалды, биіктігі 62 сантиметр және салмағы 7,5 килограмм тұрады.

Кубоктың екі құлағы болғандықтан оны көп елдерде «үлкен құлақ» деп те атайды.

Кубокты мәңгіге 5 клуб алып қалды:

 «Реал Мадрид» 5 жеңістен кейін, 1960 жыл

 «Аякс» 3 жеңістен кейін, 1973 жыл

 «Бавария»  (Мюнхен ) 3 жеңістен кейін, 1976 жыл

 «Милан»  5 жеңістен кейін, 1994 жыл

 «Ливерпуль» 5 жеңістен кейін, 2005 жыл

Дереккөз: Викепедия

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *