Журналистер арасында өткен шахмат турнирінің жеңімпаздары марапатталды

371

Алматыда «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында өткен VI шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Әуесқой шахматшылар арасында тартысты өткен турнирде бірінші орынды «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлім қанжығалады. Ал екінші орынды журналист Балтабек Түйетаев, үшінші орынды Тілек Абдрахимовтар иеленді. Ал Алданазар Жайлыұлы, Ерік Оспанов және Ибраим Баратовқа ынталандыру сыйлығы бұйырды. Сондай-ақ, Асхан Өмірбаевқа «Белсенді қатысушы», Мамадияр Жақып пен Аян Нысаналинге «Арадагер қатысушы» номинациясы бойынша ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Аталған шараға «Айғақ» телерадиокомпаниясы демеушілік жасады.


Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Видеоға түсірген: Алихан ЖАНАРБЕК

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *