Көртоғай шатқалы

231

Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде Шарын өзені «Көртоғай» деп аталатын терең әрі тар шатқал жасайды. Бұл шатқалдағы көпшілікке кең танымал болған нысан – «Қорғандар алқабы». Жауын мен қар суының шаюы мен желдің әсерінен пайда болған сарғыш-қызғылт құз жартастар бірегей форма құрып, кімді болса да ертегідегідей ескерткіш әлеміне – сарайлар мен мұнараларға, минареттерге алып келеді. Шатқал дәл осы қазіргі бейнесін шамамен жарты миллион жыл бұрын иеленген. Шатқал тереңдігі 100 метрге жетеді.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *