Қазақ поэзиясының ханшайымы

95

Алматыда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай таңдаулы өлеңдері жинақталған кітаптарының тұсаукесері өтті. «Қазақ поэзиясының ханшайымы» атты еске алу кешінде ақынның «Сардар» баспасынан шыққан «Шілде», «Полдневный жар» кітаптары оқырман қауымның назарына ұсынылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  тілшісі. 

Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мұратхан Шоқан, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мағира Қожахметова, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев, ақын Алмас Ахметбекұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ғарифолла Әнес, Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Айман Оңғарсыновалар ақын шығармашылығы мен өміріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті.

Фариза Оңғарсынованың ең таңдаулы шығармаларынан орысшы-қазақша екі кітапты арнайы Ұлттық Кітапханаға сыйлап жатырмыз. Бұл қазірше 5000 данамен шығып жатыр. Әлі де Фаризаның өлеңдеріне сұраныс көп. Әсіресе, қазақ кітаптарына деген сұраныс артып келе жатыр, – деді «Сардар» баспасының бас редакторы Алмас Ахметбекұлы жыр жинақтардың тұсаукесер рәсімінде.

Мерекелік шарада Тұран университетінің студенттері Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінен үзінділер оқыды.

 

Гауһар Түстікбаева

Суреттерді түсірген: Орынбай Ерсұлтан

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *