Асқар Мамин 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырды

90

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырды.

«Әлихан Асханұлының (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Смайылов) баяндамасында мемлекеттік органдардың деректер базасын өзектендіру тақырыбы қозғалды. Бұл — маңызды мәселе. Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер, Әділет министрліктеріне, барлық мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге «Азаматтарға арналған Үкімет« мемлекеттік корпорациясына 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырамын», — деді Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы қазіргі таңда микро және шағын бизнес субъектілері 3 жылға салық төлеуден және тексеруден босатылғанын айтты. «Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдары мен әкімдіктер микро және шағын бизнес субъектілерін онлайн бақылау кассалық машиналарды, пост-терминалдарды толық қолдануын, кірістер мен шығыстарын оңайлатылған есебін кезең-кезеңімен енгізуін қамтамасыз етуі тиіс», — деді Асқар Мамин.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *