Қазақстандық көрермендер халықаралық фестивальдерді бағындырған «Марьям» фильмін көре алады

145

3 желтоқсанда сағат 19:00-де Алматы қаласында режиссер Шарипа Оразбаева мен продюссер Анна Качконың көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген «Марьям» фильмінің көптен күткен премьерасы көрсетіледі. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Баспасөз-қызмет және ақпарат бөлімі хабарлайды. 

«Марьям» дебюттік фильмі «Бастау» студенттердің және дебюттік фильмдердің VIII халықаралық кинофестивальін ашаын фильм болады, сонымен қатар кинобайқаудың негізгі байқауына кіреді. «Жаңа буынның киносы» — Алматы қаласында 3 желтоқсаннан бастап 7 желтоқсанға дейінгі аралықта өтетін кинофестивальдің ұраны осы.

Режиссер Шарипа Оразбаева бірден жарқ етіп шықты. Оның «Марьям» дебюттік туындысы 2019 жылы бірден үш әлемдік А санатты кинофестивальде көрсетілді. Әлемдік премьерасы Локарно (Щвейцария) кинофестивалінің байқау бағдарламасында, Солтүстік Америкадағы премьерасы Торонтода (Канада), Азиялық премьерасы Пусанда өтті. Енді «Бастау» халықаралық кинофестивалінің шеңберінде фильмнің қазақстандық премьерасы көрсетіледі.

«Марьям» қазақстандық фильмі бүкіл әлем бойынша көрермендер мен сыншылардың жүректерін жаулап алды. Мысалы, француз сыни пікірінің бірі: «Марьям» — бұл өте шынайы, адал кино, мұнда шынайы өмірден алынған оқиға жартылай ашылып көрсетілсе де, толықтай, өте түсінікті жеткілізген». Сәресе режиссердің және басты рөлді ойнаушы актердің жұмысын айрықша атап өткен. «Әйелдің мінезін және оның туында барысында өзгеруін тереңнен бере алуы Шарипа Оразбаеваның режиссурасының мықтылығы. Бұл фильмнің сиқыры қарапайым, бірақ күтпеген сәттерінде, өзгеше қырында, басты кейіпкердің көзқарасында».

Актриса Меруерт Сабуссинова басты персонаждың түптұлғасы. Фильмде оның жеке басынан өткізген оқиғасы баяндалған және актрисалардың кастингінен кейін режиссер филмьде басты рөлді орындауға Меруерттің өзін шақыруға шешім қабылдаған. Мұндай ұсыныс алған Меруерт бірден келісімін беріп, әлемге көрсететіні бар екенін айтқан. Дәл солай болды да: Меруерт өте тұңғиық, мықты әрі батыл әйел және таланатты актриса. Ол өзінің рөлін тығыз байланысты, ерекше әсерлі ойнап шықты, бұл Қазақстаннан тыс жердегі көрермендерді бей-жай қалдыра алмады.

Локарнода таңғажайып оқиға орын алды, — дейді фильмнің продюсері Анна Качко. «Марьямның» премьералық көрсетілімінің алдында көрермендердің үлкен кезегі пайда болды, сосын ұйымдастырушылар келушілердің бәрін отырғызу үшін екінші залды да ашуына тура келді. Дәл осындай жағдай Торонтода да, сосын Пусанда да орын алды. Фильм аяқталған соң ұзаққа созылған пікірсайыстар болды – көрермендер туынды туралы өте жақсы пікірлер айтты, Қазақстан туралы, біздің басты кейіпкеріміздің қазіргі өмірі туралы сұрап жатты. Режиссер мен актрисаның қолдарын алып, оларға және олардың балаларына бақыт тілеу үшін қастарына барды. Олардың көпшілігінің көздері жасқа толы. Әрине, «Марьям» фильмінің еуропалық, кейіннен америкалық және азиялыө көрермендерде осыншама эмоция туындатқаны бізге ұнады. Қазақстандық көрермендер де дәл осындай көңіл-күймен қабылдайды деп үміттенеміз.

«Бастау» кинофестивалінің ашылуы сейсенбі күні 3-желтоқсанда сағат 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер концерт залында өтетінін ескертеміз.

Кинофестивальдің бағдарламасы шеңберінде «Марьям» фильмінің көрсетілімі жұма күні 6-желтоқсанда сағат 19.00-де Bekmambetov Cinema (Globus СДҮ, 3-зал) кинотеатрында өтеді. Кіру тегін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *