Қараша айындағы доллар бағамы

348

Сарапшылар қараша айында теңге-доллар бағамында айтарлықтай ауытқуылар болмайды деп болжаған болатын. Қараша-желтоқсан айларында сыртқы әсерлер тыныш болса, мысалы мұнай бағасы өспесе, валюта бағамы да бірқалыпты болады деп айтылған еді. Яғни экономистердің осы айларға болжаған сомасы 388-390 теңге көлемінде болған. «Ұлттық банк валюта бағамын ұстап, едәуір төмендеуге немесе жоғарылауға жол берілмей отыр» дейді сарапшылар. Төменгі  деңгей 386 теңгені құраған. Мысалы Ұлттық Банктің 19 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 387,14 теңгені құраса, 29 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,31 теңгені құрады. Яғни теңгенің аздап әлсірегені байқалады.

Төменде қараша айындағы доллар бағамының графигі көрсетілген.

 

 

 

Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *