Қазақстандықтар пара биден Әлем Чемпионатында 4 қола жеңіп алды

216

Пара биден Әлем Чемпионаты Германиядағы Бонн қаласында 29-шы қарашадан 1-і желтоқсанға дейін аралығында өтті. Оған 26 мемлекеттен 225 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 19 адам қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетінің маркетинг департаменті хабарлайды. 

2017 жылы Қарлығаш Сарсембаева пара биден Әлем чемпионатында (Бельгия) 1-ші орын алып, Қазақстаннан тұңғыш чемпион атанды. 2018 жылы Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова пара биден Әлем кубогында (Словакия) 1-ші орын алды.

Қазақстандық спортшылар пара биден Әлем Чемпионатында 4 қола жеңіп алды:

1. Ардак Оторбаев пен Айдана Бегленова – 3-ші орын (Combi Freestyle 1)

2. Ермек Калымбетов пен Кульшум Аталыкова – 3-ші орын (Combi Freestyle)

3. Ардак Оторбаев – 3-ші орын (Men’s Single Class 1)

4. Ардак Оторбаев пен Карлыгаш Сасембаева – 3-орын (Duo Class 1)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *