Дулати университетінде алғаш рет химия мамандығы бойынша докторлық диссертация жұмысы қорғалды

246

Жас ғалымдар қатарын толықтырған Қалмаханова Маржан Сейітқызы «Табиғи және бағаналы сазбалшықтардың көмегімен ағынды суларды адсорбция және каталитикалық сұйық асқынтотықпен тотықтыру әдісі арқылы тазарту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын ағылшын тілінде қорғады, деп хабарлады Дулати университетінің медиа-қызметі.

Диссертациялық жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасы және Португалия мемлекетіндегі Браганса Политехникалық институтының «Химия және биологиялық технология» кафедрасының зертханаларында орындалған.

6D060600–«Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін орындалған зерттеу диссертациялық кеңес отырысында сәтті қорғалды.

Маржан Сейітқызы осы мамандық бойынша Дулати университетінде диссертация қорғаған алғашқы «қарлығаш».

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *