«Дүлей құбыжық». Жеңілмеген қазақстандық пен аргентиналық «Цунами» жекпе-жегі ауыр нокаутпен бітуі мүмкін

452

Кәсіпқой бокстың канадалық сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне болжамын жасады.

WBC «жастар» чемпионы титулына ие қазақ боксшы 7 желтоқсан Монреальда аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) жұдырықтасады. Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF тұжырымынша әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) бетпе-бет келеді.

«Ахмедовтың статистикасы кім екенін көрсетіп тұр. Канадалық бокс сүйер қауым оның нокауттарына үйренген. Жекпе-жек алдында жасалған саулнамада көпшілік Ахмедовтың нокаутпен жеңетінін айтады. Бұл жігіт — дүлей құбыжық. Үлкен жұлдыздармен андеркартта болу боксшыларды ынталандырады. Ахмедов оқталып шығады деп ойлаймын. Садриддин терең нокаут жасайтын тамаша жекпе-жек күтем», — дейді Поулин.

Ахмедов соңғы рет 25 қазан мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15 KO) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *