Үндістанда шығарылған шоколад Гиннестің рекордтар кітабына енді

452

Үндістанның Мумбай қаласында шығарылған әлемдегі ең қымбат шоколад Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы кондитерлік компанияның Instagram ресми парақшасында хабарланды.

Трюфельді кәмпиттің килограммы 6221 доллар тұрады.

Ең қымбат тәттіні шығарған кондитер Филиппа Контисинидің айтуынша, қалбырдағы үш кәмпит адамның өмір кезеңін білдіреді: туу, тәрбиелеу, өмір шегі.

Кәмпиттің бағасы көгілдір тау ямайкалық кофесі, таитяндық ванильді какао-бұршағы, бельгиялық ақ шоколад және пьемондық жаңғақ секілді сирек құрамымен түсіндіріледі.

Тәттілер шектеулі топтамамен қолдан жасалған ағаш қорапта шығады. Әр қорапта салмағы 15 г он бес трюфель бар.  Кәмпиттердің бір қорабы шамамен 1400 долларды құрамақ, деп жазады billionnews.ru сайты.

 

Үміт Жұмаділова

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *