Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

241

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

№6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағыты бойынша 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 7 қаңтар күндері;

№7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;

№7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30, 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтар күндері жүреді.

Сондай-ақ «Алматы-Новосібір» бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні жүреді. Осыған дейін мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша пойыздарын іске қосқанын хабарлаған болатынбыз.

Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен алуға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *