ТҮЛКІБАСТА АНАЛАР САЯБАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

189

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінде аналарға сый-құрмет пен айрықша ықыластың белгісі ретінде «Аналар саябағы» салынуда. Бұл туралы үркістан облысы өңірілік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Биылғы жылдың тамыз айында бастау алған саябақты абаттандыру жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.
Аталған аймақтан саябақтың ашылуы кент тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлағалы отыр. Себебі, айналасы толығымен аббаттандырылған саябақ аумағында балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут бой көтеріп, таза ауада серуендеуге барлық жағдайлар жасалынатын болады.
Халық игілігі үшін бой көтеріп жатқан бұл нысан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді орындаудың бір көрінісі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *