Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

514

Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді.

«Достар, мен, Отаным — Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» — деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында. Еске сала кетсек , бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік. Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *