Димаш Құдайберген фэнтези жанрындағы фильмнің саундрегін орындайды

760

Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундрегін орындайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.

«2020 жылдың наурызында фэнтези жанрындағы фильм көрерменге жол тартады. Фильмнің желісін Пьерджузеппе Зая (Pirgiuseppe Zaya) мен Элеонора Фани (Eleanor Fani) жазып шыққан. Режиссер — Пьерджузеппе Зая. Басты рөлдерде Жерар Депардье, Брюс Пейн, Элеонара Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мискиати мен Уильям Шатнер ойнайды. Мен фильмнің негізгі әнін (OST) орындаймын. Кинотеатрлардан күтіңіздер», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Фото: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *