Балаларға қуаныш сыйлады

1714

Қазақ мемлекеттік циркінің шығармашылық ұжымы ерекше мерекелік Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Щелкунчик және Тышқан патшасы» ертегі желісі бойынша  бағдарламасын ұсынды. Қойылым Петр Ильич Чайковскийдің “Щелкунчик” атты атақты балетінің музыкасы негізінде қойылған.

Цикртегі қойылымның негізгі кейіпкерлері Дроссельмейер, Щелкунчик, Мари, Фриц, Мышильда, тышқан патшасы, Аяз ата, Ақшақар балаларды ерекеше қуантты.

Бағдарламада әуе гимнастары, акробаттар, эквилибристер және үйретілген жануарлар, белгілі клоунесса Оксана Нескладнаяның ең эксклюзивті репризалары (Үлкен Мәскеу циркі, Мәскеу қаласы) өнер көрсетті. Ғажайып қөріністерді Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі балет тобы  сүйемелдеді.

Цирк бағдарламасы, театр, музыка және хореографиялық өнерлердің үздік дәстүрлерінің жинтығы. Режиссерлік-қойылым тобының алдына қойған  мақсаты тек қана көрерменнің көңіл-күйін  көтеру ғана емес, сонымен қатар бұл қойылымнан көрерменнің өзіне алар  білім мен тәрбиелік мәні де орасан зор. Арнайы осы бағдарламаға  арнап, жаңа цирктік номерлер қойылды, музыка жазылды, жаңа костюмдер тігіліп, реквизиттар дайындалды. Бағдарлама үлкен көлемді лазерлік шоуымен қамтылған. Бұл цирктік жоба кез келген жастағы,  құмартушылығы алуан түрлі көрермендерге  арналады.  Келген қонақтар сиқырлы әлем мен таңғажайып көріністер тәнті болды.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *