Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

927

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым — қараша аралығында — Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары — Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары — Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018). 2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Фото: spm.nurotan.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *