Төлемдер ұдайы өсуде

485

ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары мен «Нұр Отан» партиясы фракциясы депуттары  ҚР Премьер-министрі А.Ұ. Маминге азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Kazgazeta.kz тілшісі parlam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

-Монополияға қарсы комитеттің атынан Ұлттық экономика министрлігі өткен айда әлеуметтік маңызды азық-түлікті өндірушілерге шығарылып жатқан тауарларға қатысты бағалардың негізділігіне байланысты есеп беруді ұсынып, хабарлама таратқан болатын.

Уақытында Мәжілісте Үкімет қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы заң жобасын қарауда біз сауда-саттық  қызметі субъектілерінің  әлеуметтік маңызды тауарларды жеткізушілерден ретро-бонустарды өндіруге тыйым салу туралы норманы мақұлдаған болатынбыз.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша  жекелеген жағдайларда кәсіпкерлер жеткізілетін тауар партиясы сомасы көлемінің 30%-ға дейінгі ретро-бонусын төлейді. Данияда ретро-бонустар  кемсітушілік болып табылады, ал Францияда ретро-бонустарға салықтар салынады.

Баға белгілеуге қатаң бақылаудың жоқтығынан сауда саласының кейбір субъектілері ретро-бонустарды төлетуді жүзеге асыруда. Сонымен қатар ретро-бонустарды жасыру мақсатымен, кейбір субъектілер жаңа міндетті төлемдерді енгізіп, тауар сөреге жіберілмейтіндей әрекеттерді жүзеге асырады. Бағалардың өсуіне базарлардағы сауда орындарына жасалатын төлем  едәуір ықпал етеді. Өз кезегінде, төлемдер ұдайы өсуде.

Осы орайда депутаттар заңға сауданың максималды үстеме бағасының 10%-ын белгілейтін норманы енгізуді ұсынған болатын. Мысалы, осындай ереже Белоруссияда, Украинада, Молдавия мен Қырғызстанда енгізілген.

Бізге жиі үлгі болатын Германияның өзінде заңда белгіленген сауда үстемесі көтерме бағаның 10 %-нан аспайды.

Сонымен қатар, депутаттардың саудадағы баға белгілеуді бақылауды күшейту туралы ұсынысына мүдделі ведомстволар сауда субъектілерін  әкімшілендірудің қиындығын сылтауратады да бағалардың өсуіне қарсы күресте негізгі күш азық-түлік өндірушілері мен азықтық шикізатты қайта өңдеушілерді бақылауға жұмылдырылады.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі, монополияға қарсы комиеттің, облыс әкімдіктерінің назарын баға белгілеу тетіктерін анықтауға, сауда алаңдарын жалға беретін сауда жүйелеріндегі, базарлардағы заңсыз алым-салықтарды анықтауға аудару қажет деп есептейміз.

Сауда туралы қолданыстағы заңның заманауи реалиялар мен тауар айырбасының тәжірибесіне, оның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одағының шеңберінде сәйкес келмейтіндігін ескере келе, сауда және интеграция министрлігіне сауда қызметі туралы жаңа заңды шығарып, баға баға белгілеу мен әлеуметтік маңызды тауарлардың (азық-түлік, көмір, газ, дәрі-дәрмек және т.б.) шекті сауда үстемесін реттеудің тетіктерін тапсыру қажет.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *