Димашқа тек ақ тілектеріміз керек!

455

Ютубты қарасам, қазақта не көп, ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бүйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді. Саясатта солай екенін білесіздер.

Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. «Жұлдыз болғың келсе, сен былай жаса», деп, ақыл айтып жатыр. Ол күлкілі емес пе өзі?

Құдайға шүкір, Димашты Қытай, АҚШ, Европа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерімізді жатқа меңгеріп, сайрап жүр!

Димашқа ақыл айтуды қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашанда ақ болсын!

…. Әйтпесе мен Федерерге видео жазып, теннисті қалай ойнау керек екенін түсіндірем))))

Мұхтар Тайжанның фейсбук парақшасынан



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *