Нұр-Сұлтанда қарды уақытылы тазаламағаны үшін елуге жуық пәтер иелері кооперативтеріне айыппұл салынды

389

Елордада қарды уақытылы тазаламағаны үшін 50 ПИК (басқарушы компаниялар, ЖШС) айыппұл салынды. Жалпы сома 1 млн 187 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

Ағымдағы жылдың қысқы кезеңінің басынан бастап «қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу» ҚР ӘҚБК 505-бабын бұзғаны үшін 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 1 млн 800 мың теңгені құрады. Мысалы,  «REM.KZ» ЖШС Азия парк СОО-ның маңайындағы аумақты дер кезде қар мен мұздан тазаламағаны үшін көлік 126 250 теңге айыппұл салынды. Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні 24150 текше метр қар шығарылды (2013 рейс). Барлығы 1051668 текше метр қар шығарылды, бұл 87639 рейс.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *