«Әміре» фильмі Финляндияның астанасында көрсетілді

1153

18 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен Хельсинки қаласында режиссёр Джефф Веспаның «Әміре» көркем фильмі көрсетілді, — деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген биографиялық кинотуындының көрсетілімінде сөйлеген Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жанна Сартбаева, бұл фильм дүние жүзі бойынша адамдарды байланыстыратын адамзаттың әмбебап тіліне айналған музыка өнерінің феномені туралы екенін айтты. Сонымен қатар, бұл кеште фильмде басты рөлді сомдаған актер Санжар Мәдиевтың бейне сәлемдемесі көрсетілді.

Айта кетсек, ұлттық нақышта ұйымдастырылған кеш барысында AALTO университетінің студенті И.Мизамбек домбырамен қазақтың тамаша күйлерін орындап берді. Сонымен қатар, кеш қонақтары ұлттық киіммен суретке түсіп, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *