Атырауда халықаралық стандартқа сай құрылыс материалдары өндірілетін болады

282

Атырауда «DUSCAFF»  компаниясының  өндірістік филиалы  ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған компания құрылыс ағаштарын өндіру мен жеткізуде әлемдік нарықта көшбасшы брендтердің бірі. 2003 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан аталмыш компанияның өнімдері – британдық, америкалық және еуропалық стандарттарға сай.
Өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев арнайы қатысып, компанияның өңірде атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты күшейту жергілікті өндірісті дамытуға көмектеседі. Компания өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай болуы да осы бағытта септігін тигізбек, – деді Айбек Крамбаев.
Айта кетейік, компания өкілдері келешекте аталған салада жергілікті мамандарды дайындауды жоспарлап отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *