«Bek Air» ұшағы қалай құлады?

251

Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады.

«Төтенше жағдайда барлық қызметтер бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Алматы әуежайында да осындай әрекеттер алгоритмі қалыптасқан.

05.35 – тіркеу басталды

06.35 – тіркеу аяқталды

07.03 – жолаушылар отырды

07.21 – ұшты

07.22 – борт радардан жоғалып кетті

07.24 – ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қақты (оған іздестіру және құтқару қызметі, медқызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, арнайы көлік қызметі кіреді)

07.27 – апаттық құтқару қызметі 6 «К» бөлігіне жұмылдырылды.

07.35 – ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлады

07.36 – оқиға орнына өрт құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар беріп жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады

07.39 – жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратады

07.42 – оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті

08.10 – оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді Алғашқы минуттарда 22 техника, 83 адам жұмылдырылды.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *